Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда балабақшада тәрбиешілер бүлдіршінді салқын бөлмеге қалдырып, жалаңаш жүргізген

Павлодарда әйел жеке балабақшаның тәрбиешісі мен күтушісінің әрекетіне шағымданды. Әйелдің екі жасқа толмаған баласын балабақша қызметкерлері салқын бөлмеде 42 минутқа қалдырған, сол уақытта өздері түскі асқа кеткен. Баланың үстінде киімі де болмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Қыздың анасы Zerek Bala балабақшасы "Балдырған" кіші тобы тәрбиешісінің әрекетіне қатысты видео мен шағымды әлеуметтік желіде жариялады. Бұл жеке меншік мектепке дейінгі мекеме Лермонтов көшесі, 99 мекенжайындағы бұрынғы "Стикс" мектебінің ғимаратында орналасқан.

Шағымда бұған дейін тәрбиеленушілердің улану фактісі тіркелгені жайлы да жазылған.  Болған жайттың мән-жайын анықтау үшін топтағы қауіпсіздік камералары қаралды, нәтижесінде бұзушылықтар көп екені белгілі болды. 

Instagram-да орналастырылған zhaloby_pavlodar аккаунтындағы кадрлардан ақ орамалдағы әйелдің басқа бөлмеден жалаңаш қызды қолына алып, еденге жалаң аяқ қойып, кейін  басқа бөлмеге  жетелеп бара жатқанын көруге болады.  

Кадрдың әр жағындағы дауыстардан баланы киіндіруге апара жатқанын естуге болады. Бір сәтте қыз тоқтап қалды, бірақ әйел оны арқасынан итеріп, басқа бөлмеге жетелейді. Басқа видеода бала күтушісі ас ішіп отыр, ал жалаңаш қызды апарып тастаған бөлменің есігі ашық жатыр. Сондай ақ, бөлмеде басқа балалар да отыр.

"3 ақпанда менің 1 жас 10 айлық қызымды салқын бөлмеде жалаңаш 42 минутқа жауып тастап, өздері тамақтануға кеткен. Балабақша құрылтайшысы мен меңгерушісі тәрбиеші мен күтушінің мінез-құлқын түсіндіре алмады және оның жүкті екенін айтты. Тәрбиеші де, күтуші де менің сұрағыма жауап берген жоқ", - деп жазады баланың ата-анасы Instagram аккаунттарының бірінде.

Әйел Павлодар қаласының білім беру бөліміне шағыммен жүгінді. Ол жерде Zerek Bala балабақшасы жекеменшік бақша екенін айтып, құрылтайшыны осы факті бойынша хабардар  етілгенін жеткізді. 

"Осыған ұқсас шағым қалалық прокуратурада қарастырылуда. Тергеу жүріп жатыр. Мәселе бақылауға алынды. Тексеру қорытындысы бойынша шаралар қабылдайтын боламыз, - деп нақтылады білім бөлімінде.

Балабақша "Заман Альянс" ЖШС сенімді басқаруына тапсырылған. Ұйым директорының орынбасары Қанат Каймулдиннің айтуынша, тәрбиеші теріс себептермен жұмыстан шығарылған, жүкті күтушіге қатаң сөгіс жарияланды.

"Менің білуімше, баланың анасы прокуратураға тәрбиеші мен күтушіге қатысты арыз жазған", - деп нақтылады Қанат Каймулдин.

Айта кетейік, балабақша өткен жылдың жазында ашылған болатын. Мекеме мемлекеттік-жеке серіктестік бойынша жұмыс істейді, мемлекеттік тапсырыс жүз балаға орналастырылған.

Zerek Bala басшысы болған оқиғаның барлық егжей-тегжейлері анықталғаннан кейін жағдайға түсінік беруге уәде берді.

Талқылау