Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баланы шайнап өлтірген": Анасы ерекше қажеттігі бар ұлын қолтырауындар мекен ететін өзенге лақтырып жіберген

Үндістанда анасы алты жасар ерекше қажеттігі бар баласын қолтырауындар көп өзенге лақтырып жіберген. Баланы бауырымен жорғалаушылар шайнап өлтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі dailymail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: dzen.ru

Үндістанның батысындағы Карнатака штатындағы, Уттара Каннада ауданында 26 жастағы Савитри Кумар баланың әкесі 27 жастағы Рави Кумармен сөзге келіп қалған. Күйеуі оған бірнеше рет "баланы лақтырып тастауды" бұйырған екен.

Полицейлердің айтуынша, күйеуі оның мүгедек баланы дүниеге әкелу шешіміне күмән келтірген. Сенбі күні кешке ата-анасы ұлдары үшін тағы да жанжалдасқан соң, әйелі "қиналып", ұлын қолтырауындар көп жүретін Кали өзеніне құятын қалдық каналға лақтырып жіберген.

Фото: dzen.ru

Бұған куә болған көршілер полицейлерді шақырған. Олар судағы баланы іздеу үшін арнайы сүңгуірлерді жұмылдырған. Алайда олардың жұмысына қараңғылық кедергі болған соң еш нәтиже бермеген.

Олар жексенбі күні таңертең қайта келіп, баланың денесінің барлық жері тістелгенін байқаған. Полицияның хабарлауынша, бала ауыр жарақат алған, бір қолынан айырылған. Айтуларынша, баланы бір немесе бірнеше қолтырауын шайнап өлтірген. 

Алты жасар баланың өлімінің себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды. Ерлі-зайыптының екі жасар тағы бір ұлы бар. Олар үлкен ұлының сөйлеу кемістігі үшін жиі ұрсысатын болған.

Оқиғаға байланысты тәртіп сақшылары тергеу жұмыстарын бастады. Полиция қызметкерлері аталған фактінің "кісі өлтіру" ісі екенін және күйеуі мен әйелінің ұсталғанын айтты.

Талқылау