Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларын мойындамай, жария еткеніме ашуланғаны рас": Сандуғаш Стамғазиева сазгер Алтынбек Қоразбаевтан екі қызы барын жасырмады

Танымал әнші Сандуғаш Стамғазиева алғаш рет отбасы туралы айтып, ел арасында жүрген қауесетке нүкте қойды. Сондай-ақ сазгер Алтынбек Қоразбаевпен не байланыстыратынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Менің өмірім” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде өнер иесі үлкен сахналарда бой көрсетпей жүр.

“Сол кісіден дүниеге екі бала дүниеге келеді-ау деген нәрсе үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Маңдайыма жазылған нәрсені көріп жатырмын. Сондықтан "анау екен, бүйтіпті, сөйтіпті" деген әңгіме айтатын заман емес қазір. Иә, басында ол кісі мойындамай, жария еткеніме ашуланып жүрді. Бірақ қазір бәрі реттелді. Екі қыз тұрғанда қайда барамыз. Біз араласпаған күнде де қыздар әкелерін іздейді. Араласып тұрады. Әкелерімен ақылдасады, мен көбіне "әкеңнен сұра, сол не айтса, сол болады" деп итере берем. Алтекең де менің жағдайымды қыздары арқылы біліп отырады. Алтекеңдей үлкен тұлғамен өмірім байланысады, тағдырым бірігеді деп ойлаған емеспін. Бірақ маңдайыма жазылғанын көрдім. Алтынай қызым жақында 19 жасқа толады. Сафиянұрым есімді екінші қызы 10-сыныпта оқиды”, – деп әңгімесін бастады. 

Алайда жұлдызды жұп бөлек тұрып жатқан көрінеді. Композитордың “алғашқы жарынан ажыратып алды” деген қауесетке нүкте қойды.

“Бірақ бөлек тұрып жатырмыз. Ешкімге ренжімеймін. Алғашқы жарымен де бет жыртысып, ренжіспедік. Ол кісіге деген көзқарасым өте жақсы. Қайта ол кісіге рахмет айтамын. Бір-бірімізбен кездесіп, бір дастарханда отырмасақ та тілекшімін. Жүздеспедім, бір-бірімізді көп көрген жоқпыз. Алтекеңе деген сыйластығы шығар, бір-бірімізге алагөздік деген жоқ. ...Балаларымның әкесінің атына көп дүние айтылады. Маған айтылған сөздер де болды: отбасының ортасына түсу, іріткі салу деген. Жоқ, Құдай сақтасын, оның бәрі пешенемізге жазылып қойған дүние болғандықтан, ең бастысы, ешкімді ажыратып алған жоқпын. Әркім өзі отбасымен өмір сүріп жатыр. Балаларына деген көзқарасы да жақсы", – дейді өнер иесі. 

Сондай-ақ әнші қос қызының өнерге жақын екенін айтты. 

“Екеуі де өнерге жақын. Үйге келе жатқанда сыртта тың тыңдап, біраз тұрамын. Кейде олар мен жоқ кезде ән салып, дайындалып алады. Мен бар кезде ұяла ма, тынышталып қалады. Жап-жақсы дауыстары бар, екі жақтан да Құдай беріп тұрған соң олар қайда барады?”, – дейді әнші.

Талқылау