Балалардан қазақша сөйлеуді талап еткен бокс жаттықтырушысы қызының орысша сөйлейтінін айтты
Жаттығу залында балаларға ұрсып, тек қазақша сөйлеуді талап еткен бокс жаттықтырушысы Мұхит Амантаев қызының орысша сөйлейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Нартай Аралбайұлының Youtube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Үш балам бар. Екі балам қазақи, ал қызым орысша сөйлейді. Қызыма күніге айтамын, орысша сөйлеме, қазақша сөйле, орысша сөйлемеу керек деп. Орысша сөйлейтін кез келеді, орыс тілінде далада сөйлесесің деп айтамын. Қазақша сөйлеп үйреніп жатыр", – деді жаттықтырушы.
Сондай-ақ Мұхит Амантаев бойында мақтанқұмарлық бар екенін мойындады.
"Ондайым бар. Сүттен ақ, судан тазамын деп айта алмаймын. Адам пенде болғаннан кейін мақтаншақтық қасиеттер болады", – деді Мұхит Амантаев.
Айта кетейік, бұған дейін бокс жекпе-жек жаттықтырушысы Мұхит Амантаев жаттығу залында балаларға ашуланып, спорт залында тек қазақша сөйлеуді талап еткен еді. Ол балаларды оңбағандар деп атап, қазақы намыс болу керек екенін айтқан болатын.
“Қазақ тілінің арқасында кәріс тілін үйрендім”: Желіде қазақша сөйлеген кәріс азаматы жұрттың ықыласына бөленді
Владислав қазақ тілін арнайы сабақ алып үйренбеген
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Аружан Саин бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты
14 сәуірде Алматыда бұралқы иттерді эвтаназиялауды міндеттейтін заңға қарсы баспасөз конференциясы өтті