Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балалар арасындағы Кавасаки тектес синдром: Қазақстанда 45 бала ауырып, 2 бала көз жұмды

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирустан болған кавасаки синдромымен ауырған балаларға қатысты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кавасаки

Елімізде 2 бала мултижүйелік синдромнан көз жұмған. Қазір ауырып жатқан балалардың екеуі әлі бір жасқа толмаған. 

"Мультисистемалық қабыну синдромы анықталған балалар бойынша қазіргі таңда 45 жағдай тіркелген. Жас ерекшелігі бойынша, екі бала 1 жасқа толмаған. 1-5 жас аралығында - 11 бала, 5-17 жасқа дейін - 28 бала тіркелді. Өкінішке орай, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2 бала қайтыс болды. Ең көп жағдай елордада 11 бала, Ақмола және Қарағанды облыстарында, Алматы қаласында - 5 жағдай, ШҚО-да және Шымкент қаласында - 3 жағдай, Ақтөбе, Атырау өңірлерінде тағы да 2 жағдайдан, Алматы қаласы, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облысында бір жағдайдан тіркеліп отыр. Қазіргі таңда 38 бала жазылып шықты. Біреуі стационарда әлі де емделуде", - дейді Бағдат Қожахметов. 

Сонымен қатар, министрліктің ресми өкілі коронавирус жұқтырған балаларға қатысты ақпарат берді.

"2 сәуір мен 7 қазан аралығында республикада коронавирустық инфекцияның диагнозы расталған 2551 бала тіркелді. 5 қазандағы жағдай бойынша республикада мектеп оқушылары арасында 138 жағдай тіркелді, оның ішінде 52 «кезекші сыныптарда» жұқтырылды, 86 - қашықтықтан оқыту кезінде вирус жұқтырған. Бүгінгі күні барлық науқас балалар мен анықталған байланыстар 14 күндік карантинде. 7 қазандағы жағдай бойынша 1 айдан 18 жасқа дейінгі 74 бала CVI-мен ауырады. Аурудың көп бөлігі Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында анықталды", - дейді Қожахметов.

Талқылау