Балалар алаңы жылына кемінде бір рет боялуы керек – Алматы әкімдігі
Қала әкімдігі балалар мен спорт алаңын, сондай-ақ автотұрақты күтіп ұстауға қатысты көріктендірудің жаңа ережесін бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Ережеге сәйкес, алаңды техникалық жарамды күйде ұстауға және қыста қарын күреп, үнемі тазалап отыруға міндетті. Жылына кемінде бір рет боялуы керек.
“Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ойын алаңдары жаяу жүргіншілер жолынан, автотұрақтан және кіреберістен алыс орналасуы керек. Жаңарту кезінде шығып тұрған ағаш тамырлары немесе салбырап тұрған бұтақтар, ескі, кесілген жабдықтың қалдығы, темір бөгеттер алынып тасталады”, – делінген хабарламада.
Автотұраққа да қатысты талаптарға өзгеріс енгізілді. Көгалды автотұраққа айналдырмас үшін кедергілер орнату талап етілді. Енді квартал мен аула ішінде жолға құрылымды өз бетінше орнатуға, сондай-ақ тротуарға, көгалға және ойын алаңына көлік қоюға тыйым салынады.
Сарапшылар авиаотын бағасы түскенде әуе билеттері арзандайтынына күмән келтірді
Энергетика министрлігі отын бағасын 940 долларға дейін түсіргенін мәлімдеген
"3,8 миллиард теңге бөлген": "Қызылжар" ФК олигарх Сергей Канның жекеменшігіне өтсе де, мемлекеттен қаржы алуын тоқтатпады
Спорт басқармасы: "2026-2028 жылдары мемлекеттік қаржыландыруды кезең-кезеңімен азайту жоспарланған"