Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бала-шағамен сандалып кеттік": Жанболат Найзабеков төрт рет ұшу уақытын ауыстырған әуе компаниясын сынады

“Өнер қырандары” театрының әртісі, актер Жанболат Найзабеков Air Astana әуе компаниясына шүйлікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/cocojanbo88/

Өнер иесі ұшатын уақытты төрт рет алмастырған әуе компаниясына ашуланды. 

“Air Astana сіздерге не болды?! Көз өтті ме? Сұмдық қой бұл?! Төрт рет уақыт өзгерту дегенді кім шығарды?! Түнде 12-де ұшатынымызды түскі 12-ге ауыстырды. Енді күндізгі 3-ке ауыстырған, жаңа ғана хабарлама кеп тұр, 4-ке ауысқаны жөнінде. Кешегі түннен бері бала-шағамызбен сандалып жүрміз. Алматыдан жаңа ұшақ алдыратын уақыттарың болды. Шыдамның да шегі бар ғой. Қаншама жұмысымыз қалды. Түсірілімдеріміз бар еді. Жауапкершілік болуы керек”, – деді актер. 



Еске салайық, Қазақстандағы әуекомпаниялардың басшыларына рейсті кешіктіргені үшін айыппұл салынатынын жазған едік. 

Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанда рейсті кешіктіргені үшін басқалармен қатар әуе компаниялары мен әуежайлардың топ-менеджерлерін жазалауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

"Біріншісі – бұл қазір заңда қарастырылмаған, екіншісі – әуе компанияларына кешіккені үшін айыппұл салынса, онда жаңа механизм бойынша олардың топ-менеджерлеріне айыппұл салынады", – деген еді Марат Қарабаев.

 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 26 Тамыз, 2024 13:41