Бақтиер Зайнутдинов Түркия кубогінің иегері атанды
Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов түркиялық командасы сапындағы алғашқы титулына қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсететін Ыстамбұлдың "Бешикташ" футбол клубы Түркия кубогінің иегері атанды. Ыстамбұлда өткен матчта "Бешикташ" командасы "Трабзонспорды" 3:2 есебімен жеңіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Матч соңына дейін отандасымызды қосалқы құрамда ұстаған команданың бас бапкері Зайнутдиновті алаңға мүлдем шығарған жоқ. Дегенмен Бақтиердің командасы тартысқа толы өткен матчтың қосымша уақытында жеңіс голын соғып, отандасымыздың түркиялық команда қатарындағы алғашқы трофейіне қол жеткізуге себепкер болды.
Айта кетейік, Бақтиер Зайнутдинов "Бешикташ" футбол клубына 2023 жылы ауысып, алғашқы матчында-ақ гол соғып, көзге түскен еді. Сондай-ақ ол Қазақстан құрамасы сапындағы ең қымбат ойыншы саналады.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойлаймыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен

