50 жасқа толған әнші Бақыт Шадаева туған күнінін дүркіретіп өткізді
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі әнші Бақыт Шадаева биыл 50 жаста. 12 қаңтар күні Алматыдағы мейрамханалардың бірінде достарын шақырып, төл меркесін дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өз кезегінде Шадаева достарының қуанышында бой көрсетіп, қолдап, жанынан табылғанына ыстық ықыласын білдіріп, алғыс айтуды ұмытпады.
Сүйікті әншілерінің туған күнімен желі қолданушылары да жарыса құттықтап жатты. Елуге келсе де әлі күнге сыры мен сымбатын жоғалтпаған әншінің сұлулығына оқырмандары тамсанғанын жасырмады.
"Бақыт апай, туған күніңіз құтты болсын! Осылай әр күніңіз қуанышқа толы болып гүлдей жайнап жүре беріңіз", "25 жасыңыздың 25 жылдығы құтты болсын. Жарқырап-жайнап жүре беріңіз", "Жаңа жасыңыз құты болсын. Осылай әдемі қалпыңызбен халқыңыздың сүйікті әншісі боп жүре беріңіз", - деп жүрекжарды тілектерін білдіріп жатты.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді