Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сақалды Кончита өзін-өзі “өлтірді” (фото)

«Сақалды қыздың» жанкүйерлері үшін қаралы хабар! «Евровидение-2014» байқауының жеңімпазы Кончита Вурст өзін өлтіретінін мәлімдеді.

kontchita-vurst-avstriya-voshishtaet-ili-shokiruet-obraz-zvezd

Бұл туралы dni.ru жазды.

Кончита Евровидение байқауында Rise Like a Phoenix әнін орындағаннан кейін әлемге танымал болды. Бұл кезде әр елдің қызтекелері өздерінің өкілі ретінде Кончитаға қолдау білдірді.

Кончитаның шын мәнінде әнші Том Нойвирт екені белгілі. Том жастайынан әйелдер киіміне қызығушылық танытып, жасөспірім кезінде ерлерге ынтық екенін түсінді. 17 жасында ол жалпақ жұртқа өзінің қызтеке екенін жайып салды, сынға ұшырады.

Шамамен дәл осы кезде ол эстрадаға аяқ басып, жергілікті байқауларға қатысып жүрді. Жүлделі орын алған сәттері аз емес. Бірақ сақалды әйел образында ғана ол адам айтса нанғысыз танымалдылыққа қол жеткізді.

Нойвирттің дене бітіміне әйелдердің өздері қызыға қарайды. Белі қылдай, ал шаштарына қарасаң көз тоймайды.

Ақырында Кончита Вурст гомосексуалистер үлгі тұтатын бейнеге айналды.

Әншінің өз-өзіне қол салмақ екенін естіген фанаттардың абдырап қалғаны айтпаса да түсінікті. Яғни Кончита Вурст сақалды әйел образымен қоштасып, енді ер адам бейнесінде өнер көрсетпек.

том нейтрит

Нойвирт қолдан жасалған образдың оның шынайы бет-бейнесін тасада қалдырып қойғанын сезе бастады. Кончита тыңдарманның махаббатына бөленіп жатқан сәттерде Том өзін керексіз сезінді. Ақыры осындай шешімге келді.

“Евровидениеде” жеңіске жеткен осы әйел арқылы мен барлығына қол жеткіздім. Одан аларым қалмады. Енді жаңа кейіпкер ойлап табу жолында жұмыс істеп жатырмын, сондықтан Кончитаны өлтіруім қажет. Енді өзімді дамыта алатындай іс іздеудемін», – деп түсіндірді Нойвирт.

Енді әртіс ер адамның киімін киіп, сахнаға шығып жүр. Десе де ол қолаң шашынан әлі де бас тартқан жоқ. Есесіне сақалын өсірді.

1179274

Жіберіп алмаңыз:

Мұхаммед Әлидің қызы Димашқа жанкүйер болып жүр

Димаш финалда итальян тілінде ән орындайды

Сәкен Майғазиев теледидардан “түспейтін” Нұрлан Еспановты әжуалады

Әбдіжаппар Әлқожа далада қалғалы тұрған 8 балалы отбасына көмек көрсетті (видео)

Талқылау