Бағлан Әбдірайымов отандық топпен бірге өз әніне бейнебаян түсірді (видео)
Бағлан Әбдірайымов Made in KZ тобымен бірге өз репертуарындағы әнге бейнебаян түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Соңғы кезде отандық әншілер арасында ескі әнге жаңа леп беріп, дуэттегі сыңарын ауыстыру сәнге айналғандай. Мәселен, Қуандық Рахым бір ғана “Болайық бірге” әнін үш бірдей арумен бірге шырқады. Сол сияқты Нұржан Керменбаев алғашқыда шәкіртімен бірге орындаған “Доғар” әнін енді КешYou-дің экс-әншісімен бірге шырқауда.
Енді, мінеки “Жігіттер” төрттігінде ән салатын Бағлан Әбдірайымов та отандық өзге топпен дуэт құрды. Ол өзінің репертуарындағы “Мен сені жақсы көрдім” әніне Made in KZ тобымен бірге бейнебаян түсірген. Жаңа туынды көпшіліктің оңды бағасынан үлесті болды.
Тағы оқыңыз:
Мәдина Сәдуақасованың сәби күнгі суреті жанкүйерлерін сүйсіндірді (фото)
Қызынан жас көрінеді: Аиша анасының суретін жариялап, желіні шулатты (фото)
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген
Алматылық зейнеткердің ForteBank депозитіндегі ақшасы екі рет ұрланған: Ол ақшасын 4 жылдан бері қайтара алмай жүр
74 жастағы зейнеткердің ForteBank-тің клиенті болғанына он жылдан асқан