Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бағалай бастадым": Әнші Say Mo Darkhan Juzz дүниеден өткенде қандай күйде болғанын айтты

Танымал әнші Say Mo “The Chai Show” подкастында өнердегі әріптесі Дархан Жүнісбековтің қазасынан кейін өмірге деген көзқарасы өзгергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/say_mo__/d.juzz

“2022 жыл аяқталып, 2023 жылдың ақпан айында досымыз Дархан өмірден өтті. Досымның қазасынан кейін менің өмірімде өте көп өзгерістер болды. Менің ойымша, содан кейін көп адам бір-бірін бағалай бастады. Маған құрбым хабарласып: “Моля, Дархан… Таиландта...” деп бір-бір сөзден жазып жіберіпті. 24 ақпан күні мен залда жаттығып жатқан едім. Құрбым түсініксіз аудио хабарламалар жіберген соң жазып жіберуін өтіндім. Кейін Дарханның қаза тапқанын білдім. Алғашқыда болған жағдайды қорытып, ой елегінен өткізетіндей уақыт болмады. Бәріміз ақша жинап, ас бердік, құлпытасын қойдық. Таиландта қаза болғандықтан, мәйітін Қазақстанға алып келу де біраз уақытты алды”, – дейді әнші.

Мөлдірдің айтуынша, досының қазасы әріптестері мен достарының жақсы қарым-қатынас орнатуына себеп болған.

“Содан кейін мен әріптестерімді, бауырларым мен достарымды бағалай бастадым. Сол уақытта мен бір әртіспен сөзге келіп қалдым. Болған жағдай туралы әлеуметтік желіде бөлісейін дегенмін. Мойындаймын, арамызда түсініспеушілік, қызғаныш болды. Бірақ Дархан қайтқан соң ондай дүниелер ізім-ғайым жоқ болып кетті. “Біз соншалықты кімбіз? Біздің қанша өмір сүретініміз белгісіз. Жақсы, ұрыстық, мен оны желіге салдым делік. Біраз уақыттан соң мен өліп кетсем, мен ешкімге ештең еескертіп үлгермеймін ғой. Сол себепті татулықта өмір сүрейік” дедім. Расымен, махаббат әлемді құтқарады. Өмір туралы жиі ойлайтын болдым. Сол адамдарды мерекелік іс-шарада, концерттерде көріп қалсам, қуана көрісіп, жақын араласамын. Соның нәтижесінде бәріміз біргеміз, жақсы қарым-қатынастамыз”, – дейді Мөлдір Есімбек.

Айта кетейік, бұған дейін Say Mo құрбысының тойында би билеп, желіні шулатқан болатын.

Талқылау