Азия ойындарында енді аударыспақ ойыны да болады
Қазақстанда бүкіләлемдік Халықаралық аударыспақ Федерациясы құрылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Федерацияға Ресей, Қырғызстан, Қытай, Венгрия, Түркия, Моңғолия және Өзбекстан кірді. Олардың өкілдері бірқатар құрылтай құжаттары мен жиналыс хаттамаларына қол қойды.
Аталмыш елдер дәстүрлі ат спорттарын танымал етіп, дамыту үшін бірігіп, оны Азия ойындары бағдарламасына, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізді. Федерация президенті болып Марат Жұманқұлов сайланды.
“Біз әдістемесін әзірлейміз. Бұл ойынды жастар арасында танымал етеміз. Кездесу барысында бірыңғай стандарттар мен ережелерді бекіттік. Олардың негізі аударыспақтың қазақша нұсқасы болды. Спортшылардың салмақ дәрежелері анықталып, алдағы жарыстардың кестесі қабылданды”, – деді дүниежүзілік халықаралық аударыспақ федерациясының президенті Марат Жұман.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"