Азия ойындары-2025: Қазақстан құрамасы биатлоннан жүлде алды
Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі Азия ойындарында биатлоннан 4x6 шақырымдық эстафетада қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: olympic.kz
Қазақстан құрамасының сапында бұл бәсекеге Ольга Полторанина, Дарья Климина, Арина Крюкова, Елизавета Белецкая қатысты. Қазақстандық спортшылар жеңімпаздан 55,8 секундқа қалып кетті.
4x6 шақырымдық бағдарламада алтын жүлдені Қытай спортшылары иеленді. Ал күміс медаль Оңтүстік Корея спортшыларына бұйырды.
Бұл Қазақстанның Қытайда өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарындағы 16-жүлдесі. Ұлттық құрама жалпы кестеде әзірге 4-орында келеді.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген

