Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзірбайжан Ақтаудағы ұшақ апатында мерт болған азаматтарының мәйітіне қайтадан сараптама жасады

Ақтауда апатқа ұшырап, қаза тапқан үш экипаж мүшесі мен 21 жолаушының денесі Бакуге жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Ақтаудағы әуе апатынан қаза тапқандардың мәйіттері тиісті сараптамадан өту үшін Әзірбайжан денсаулық сақтау министрлігінің сот-медициналық сараптама және патологиялық анатомия бірлестігінің бөлімдеріне жеткізілді.

Патологиялық анатомия бюросының Ясамал аудандық бөлімі Әзірбайжан әуе жолдарының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан 13 адамның мәйітіне қайта сараптама жүргізген.

Сондай-ақ Қазақстанның батысындағы Ақтау маңында ұшақ апатынан қаза тапқан Әзірбайжан әуе жолдарының капитаны Игорь Кшнякиннің денесі сот-медициналық сараптамадан кейін отбасына тапсырылғаны белгілі болды.

Еске салсақ, бұған дейін Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағы Ақтау қаласындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақта барлығы 67 жолаушы, оның ішінде 6 қазақстандық болған. Бортта болған қазақстандықтардың барлығы қаза тапты. Ұшақ апатында қаза болған қазақстандықтардың аты-жөндері белгілі болды. Қаза тапқан Қазақстан азаматтарының төртеуі Маңғыстау облысының, біреуі Қостанайдың, біреуі Астана тұрғыны болғандары анықталды.

Бүгін қаза болған әзірбайжандықтардың денесі елдеріне жеткізілді.

Талқылау