Әзілкеш Нұржан Төлендиевтің қызы күйеуімен қалай танысқанын айтып берді
Танымал әзілкеш, актер Нұржан Төлендиев биыл ақпан айында қызы Қорланды ұзатқан еді. Желі қолданушылары сұлу қыздың таңдауы неге осы ер азаматқа түскенін білгісі келіп, ерлі-зайыптылардың қалай танысқанын сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/korlawkaa
Оқырманның: "Күйеуіңізбен қалай таныстыңыз, айтып беріңізші” өтінішіне Қорлан: “Негізі қатты қызық оқиға емес. Ол Instagram-нан жазып жүрген. Мен жауап бермегеннен соң, телефон нөмірімді, мекенжайымды тауып алған. Кейін гүл жібере бастады. Көңілімді таппақ болып ұзақ жүрді. Солай өзіне назар аудартты”, – деп жауап берді.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желідегі парақшасында той алдында түсірілген Love Story-ді жариялады.
“Негізі көңілімнен шықпаған еді, сол себепті салмаймын деп жүргенмін. Уақыт аз болған соң тез-тез түсірген түріміз ғой, сюжет кішкене асығыстау, мән бермейміз”, – деп жазды Қорлан.
Бұған дейін “Алдараспан” театрының директоры Нұржан Төлендиев қызын қияға қондырған еді.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді