Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзілкеш Нұрлан Сабыров Мәскеу әуежайында қамауға алынды

Фото: youtube.com/ВДудь

Әзілкеш Нұрлан Сабыров Мәскеудің Шереметьево әуежайында ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресейлік Mash Telegram-арнасының дерегіне сүйенсек, Нұрлан Сабыров көші-қон заңнамасын бұзды деген күдікке ілінген, нақты айтқанда, көші-қон есебіне тұру мерзімін сақтамаған.

Әзілкешке 5000 рубль көлемінде айыппұл салынған. Енді ол елден шығып, кейін заңды түрде қайта кіруі қажет. Елге кіруіне тыйым салынбаған.

Айта кетейік, әзілкеш Нұрлан Сабыров – Ресейде аса танымал болса да, Қазақстан азаматы. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 19 Мамыр, 2025 19:34
Талқылау