Азиадада Қазақстаннан басым түскен Өзбекстан құрамасы спортшыларын қаржылай сыйақымен марапаттады
Фото:Olympic.uz
22–31 қазан аралығында Бахрейнде өткен ІІІ жасөспірімдер арасындағы Азиадада Өзбекстан құрамасы тамаша нәтиже көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өзбек спортшылары барлығы 81 жүлде нақтырақ айтсақ 37 алтын, 16 күміс, 28 қола жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.
Boxinguzbekistan Telegram арнасының хабарлауынша, Өзбекстанның Ұлттық олимпиада комитеті Азиаданың жүлдегер спортшылары мен олардың бапкерлеріне мемлекет тарапынан қаржылай сыйақылар табыстады.
Мемлекеттік марапаттау жүйесіне сәйкес, алтын медаль иегерлері – 3000 доллар, күміс жүлдегерлер – 2000 доллар, ал қола иеленгендер – 500 доллар көлемінде сыйақы алады. Олардың қатарында жас боксшылар да бар.
Айта кетейік, бұл додада Қазақстан құрамасы 24 алтын, 29 күміс және 40 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте үшінші орынға тұрақтады. Қазақстан спортшылары өзбекстандықтардан 13 алтынға кем түсті.
Қазақ тілін қорлаған бұрынғы Ресей азаматы 15 күнге қамалды
Отырыс барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, оны қатаң жазаламауды сұраған
Оралдағы инфекциялық ауруханада 13 жасар қыз көз жұмды: Ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
Қызы қайтыс болғаннан кейін әкесі барлық тиісті органға арыз жазғанын айтады

