"Ажырасқан әйелдерге тыйым салынған": Сұлулық байқауында жеңімпаз атанған арудың тәжін тартып алды
Шри-Ланкада өткен сұлулық байқауында жеңімпаз атанған әйелден тәжді тартып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жеңімпаздарды марапаттау сәтінде былтырғы байқаудың жеңімпазы Каролин Джури микрофонды алып, жеңіске жеткен Пушпика да Силва ажырасқанын айтып, тәжді киюге лайық емес екенін мәлімдейді.
"Тұрмыс құрып, ажырасқан әйелдерге титул берілмейтіні туралы ереже бар. Сол себепті тәж екінші орынға алған қатысушыға тиесілі", - деп мәлімдеген Джури тәжді екінші орын иеленген аруға тақты.
Тәжінен айырылған жеңімпаз Facebook-парақшасында марапаттау сәтінде жарақат алып, ауруханаға баруға мәжбүр болғанын жазған. Енді ол тәжді тартып алған Каролин Джуриді сотқа бермек.
Оның сөзінше, ол ажыраспаған, тек күйеуінен бөлек тұрады. Ал байқау ұйымдастырушылары Пушпика да Силвадан кешірім сұрап, дереу тәжді қайтаратынын мәлімдеді.
(1) Mrs. Sri Lanka 2021 held at the Nelum Pokuna Theatre earlier today, ended a short while ago in a brawl.
— DailyMirror (@Dailymirror_SL) April 4, 2021
Contestant number 20, Mrs. Pushpika De Silva was announced as the Winner and was crowned by Mrs. Shiranthi Rajapaksa, Mrs. Rosy Senanayake and Chandimal Jayasinghe. pic.twitter.com/ttsxxJRVpz

"Күн сайын 20 000 теңге беруге уәде берген": Қазақстандық азамат ИП-сін жалға беріп, алаяқтардың құрбаны болды
