Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Азғырдың артынан еріп": Алматыда қаржы мониторингі агенттігінің қате жарнамасы ілініп тұр (видео)

Қаржы мониторингі агенттігі "Азғырдың артынан еріп, сіз ең қымбатынан айырылып қалуыңыз мүмкін" деп қате жарнама берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фотоны Stan.kz тілшісі түсірген

2023 жылдың желтоқсанында Алматының Ораз Жандосов 45 А көшесінде көрген билборд әлі күнге дейін орнында тұр. Жарнамадағы “азғырдың” дегенді “нәпсінің” немесе “азғырушы” деп берген жөн. Дұрысы, “нәпсінің артынан еріп, ең қымбатынан айырылып қалмаңыз” болады.

Себебі “азғырдың” сөзінің түбірі “азғыр”. Етістіктің бұйрық мәндегі қимыл атауын білдіреді. Сондықтан билбордтағы “азғырдың” мына сөйлемге мағына жағынан болсын, морфологиялық тұрғыдан болсын мүлдем сәйкес келмейді.

Айта кетейік, қазақ тілді ең ірі медиа – Stan.kz жаңалықтар агенттігі және "Dauletten қайырымдылық қоры" ЖҚ бірлесе 24 мамыр күні республикалық жалпыұлттық “Онлайн Диктант” жобасын өткізеді. Аталған жоба әр жыл сайын қазақ тілінің жанашырларын біріктіріп, ағартушылық акциясы ретінде өтеді. 

Жобаға жас ерекшелігіне қарамастан кез кезген адам қатыса алады. 

Биылғы жүлде қоры 2 миллион теңге, 10 жеңімпазға 200 000 теңгеден беріледі. Бұл жолы диктант мәтінін Ғалым Қалмен деген журналист, тележүргізушісі оқитын болады. Осы орайда қазақ тілінің дамуы мен аудитория сауатын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отырған жалпыұлттық республикалық "Онлайн Диктант" жобасын қолдап, қолдау білдірулеріңізді сұраймыз.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы “Москва” сауда орталығының Led экранындағы жарнамада “йе” деп қате жазылып кеткені туралы жаздық. Сауда кешеніндегі жарнама бөлімінің басшысы Ербол мырза қате жарнамаға қатысты пікір білдіріп, бірнеше уақыт өткеннен кейін ол жарнаманың бүгін түзелетінін айтты. Әкімшілік өкілі сөз бергендей, қате жарнаманы келесі күні түзеткен.

Талқылау