Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзербайжан мен Армения шекарасында тағы да атыс болды

Әзербайжан Арменияны Нахчыван бағытындағы позицияларына оқ жаудырды деп айыптады, ал Ереван бұл мәлімдемені жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото РИА Новости

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, елдің позицияларына Армения аумағынан Нахчыван автономиялық республикасы бағытынан оқ жаудырылған. 

“7 сәуір күні  сағат 17:15 шамасында Армения Қарулы күштерінің бөлімшелері Пашалы ауданының Сұлтанбек елді мекені бағытында орналасқан позициялардан Әзербайжан армиясы Нахчыван Автономиялық Республикасының Шахбуз ауданы Шада елді мекені бағытында оқ жаудырды”, – деп хабарлады ведомство.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде Әзербайжан қарулы күштерінің жауап қайтарғаны айтылады.

Ал армениялық тарап Әзербайжан позицияларын атқылағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

“Әзербайжан Қорғаныс министрлігі әлі жалған ақпарат таратып жатыр. Олардың 7 сәуір күні сағат 17:15-те Армения Қарулы күштерінің бөлімшелері шекара аймағының оңтүстік - батыс бөлігінде орналасқан Әзербайжан позицияларына оқ жаудырды деген хабарламасы шындыққа жанаспайды”, – деді Армения Қорғаныс министрлігі.

Еске сала кетейік, 31 наурызда Әзербайжан Арменияны байланыс шебіне әскери техника жинады деп айыптаған еді. Ереван өз кезегінде бұл мәлімдемелерді жоққа шығарып, Бакуді жалған ақпарат берді және өңделген кадрларды жариялады деп айыптады.

Талқылау