Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азапталған атыраулық иттің Калифорнияда қалай өмір сүріп жатқаны белгілі болды

Қазақстанда көп азап шеккен атыраулық ит АҚШ-та қамқоршы иелерін тапты. Олар Лаки есімді итке Instagram парақша ашып берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның жеке жайлы төсегі мен ойыншықтары бар. 

Иесі Эллиннің айтуынша, Лаки аулада құлшыныспен жүгіріп, ойнайды. Ол саябаққа барғанда өте көңілді, басқа иттермен ойнағанды ұнатады. Сонымен қатар олармен дұрыс қарым-қатынас жасауды және өзіне сенімді болуды үйреніп жүр.

Қазір Эллин Лакиді үйрету үшін жаттықтырушы жалдап жатыр. Оның түрі мен бет-әлпетін ретке келтіретін болады, дейді ол. Қазір ит тырнақ алдыртудан және бөлмелер арасынан өтуге, есіктерден қорқады. Алайда уақыт өте келе оның қорқынышы бәсеңдей береді. 

Осылайша, ит өзін азаптаған иесінен құтылды. Оны жануарлар құқығын қорғаушылар өз қарамағына алды. 

Әлеуметтік желі қолданушылары итті қорлаған адамға наразылық білдіріп, билікті оны жауапқа тартуға шақырды, ал зоотехниктер жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін заңды қатайтуды талап етті.

Бірақ қазақстандықтарды иттің өмірі мен тағдыры туралы алаңдады. "Мейірімді жүрек" қорының еріктілері иттің жаңа иелерін іздей бастады. Маусым айында қордың негізін қалаушы Венера Манасова итке Лаки (бақытты) есімін беріп, АҚШ-қа тұрақты тұруға жіберді.

9 желтоқсанда Лакидің Калифорнияға ұшқаны белгілі болды. Қор өкілдері Лакидің өмірін сақтап қалуға атсалысқандардың барлығына алғыс айтып, иттің әлемдік жұлдызға айналғанын атап өтті.

Еске салайық, Атырауда итті азаптаған ер адам видеоға түсіп қалған. Атырау облысының полиция департаментінде видеоны тарату фактісі бойынша тексеріс басталды.

Талқылау