Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Азаннан бері күттік": Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының әкесі Қайрат Нұртасты жаңа жасымен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/feed 

Өнер иесі 36 жасқа толды. 

“Туған күніңмен, Супермен", – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, сүйікті әншісінің жекеменшік мерекесінде жақсы тілек жаударды. 

“Жұпыны тілек болып қалыпты”, “Азаннан бері күтіп отырдық қой. Жұлдыз қашан Қайратты қалай туған күнімен құттықтайды екен деп", "Отағасымен бірге баянды, бақытты өмір сүр, Жұлдызжан", "Ұйыған отбасы болыңдаршы", "Туған күн құтты болсын!" – деп жазды көпшілік.  



Одан кейін туған күн иесі де жеке парақшасында жазба жариялап, халыққа алғыс айтты. 

“Жер ортасы жасқа келдім. Бағындырған өз белесім, ала аламаған өз қамалым, шыққан шыңым, жүріп келе жатқан өз жолым бар. Бәріне де ризамын! Айналам “Аға” деп ақыл сұрайтын жасқа келдім. Шамамның жеткенінше жүрегімді ашып, көмек қолын созып, досты да, дұшпанды да бауырымдай құшағыма қысып келемін. Төрт құбылам түгел, керегем кең, терезем тең отбасым деген тыныштықтамын. Ғажап күн”, – деп жазды хитмен. 

Еске салайық, "Жылағанда дауысы әдемі әрі аянышты шықты" деп Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың туған күнінде ерекше жазба жариялаған еді. 

Талқылау