“Азаматтарымызды эвакуациялайтын жағдай емес”: СІМ Ресейдегі әскери бүлік кезінде елге оралғысы келгендер туралы айтты
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейдегі әскери бүлік кезінде елге оралығысы келген азаматтар жағдайына да жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Айбек Смадияров соңғы 2-3 күнде елге оралғысы келген студенттер болғанына тоқталды.
“Ресейдегі жағдай бойынша елге келемін деген студенттер болды. Соңғы 2-3 күн ішінде "Азаматтарымызды неліктен эвакуция жасамайсыздар? деген көп сұрақтар қойылғаны рас. Айтайын дегенім, екі ел арасындағы шекара ашық, Ресейде соғыс жарияланған жоқ. Әуе қатынасы да қалпында, пойыздар мен көліктер де жүріп жатыр. Сондықтан әр адамның өз еркі. Азаматтарымызды эвакуациялайтын жағдай емес", - деді өз жауабында Айбек Смадияров.
Еске салайық, бұған дейін СІМ Лукашенко мен Назарбаевтың телефон арқылы сөйлесуіне қатысты түсініктеме берген еді.
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген
