"AZ келеді деп күтіп едік": Ерке Есмахан махаббат жайлы кезекті бейнебаянын ұсынды (видео)
Ерке Есмахан ұзақ уақыттық үзілістен кейін кезекті бейнебаянын тыңдармандарына ұсынды. Әнші "Кел-кел" атты туындысының тұсауын кесті, деп хабарлайды Stan.kz.
"Араға ұзақ уақыт салып, менің кезекті әнім мен оған түсірілген клип шықты. Ура!
Бұл – әндемиядан кейінгі алғашқы әнім. Енді арасы ұзамай әндер жазылып, клиптер шығарылып тұрады деп ойлаймын", – деп сүйінші хабарды жеткізді Ерке.
Есмахан клиптің үш ай бұрын түсірілгенін атап өтті.
"Мақтау, тілек, сынау, жамандау, алғыс, өсек, әңгіме – бәрін оқуға дайынмын", – деді ол.
Фанаттардың бір тобы Еркенің әр әні хит екенін алға тартып, мақтау сөздерін жаудырса, екіншілері клиптің бірсарынды, алдыңғы бейнебаяндарға ұқсас шыққанын атап өткен. Көпшілігі кадрда Еркенің сүйіктісі бой көрсетеді деп күткен.
"Видео клип қызықсыз, ерекшелік күткенбіз. Әуені жаксы, әні жақсы!", "Кел-кел дегенге соңында Азекең келеді ме деп күтіп едім", "Ерекше нәрсе күтіп едім. Сол баяғы майысып, әртүрлі фонда отыр", "Дым ренжімеш, көп әннің біреуі сияқты, тым болмағанда "кел-кел" деген соң соңында AZ-дің қолын беріп жатқанымен клип біткенде... келдім ал деген сияқты. Немесе AZ-мен хит & хайп жасап, дуэт сияқты бұдан да жақсы дүние жасауға болатын еді", – деп жазды тыңдармандар.
Айтпақшы, Ерке клипіне өзіне продюсерлік еткен. Әннің авторы – Диана Исмаил болса, сөзін ақын Қайнар Алагөзов жазған.