Блогер Айжан Байзақова екінші рет ана атанды
Танымал блогер, кәсіпкер Айжан Байзақова екінші рет ана атанды. Ол перзентханадан видео жүктеп, оқырмандарынан сүйінші сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер Нұрбек есімді жігітке екінші рет тұрмысқа шыққан болатын.
“Алдымен түкіріп қойыңыздар! Нұрбек тұңғыш рет әке атанып жатыр. Екінші ұлды дүниеге әкеліп жатырмын. Дәрігерлер мен акушеркалардың арқасында бәрі ойдағыдай өтті. Құттықтаулар қабылданады”, – деп жазды блогер.
Желі қолданушылары жаппай сәбиге ақ жарма тілектерін жаудырып жатыр.
Видеодан байқағанымыз, блогердің күйеуі босану процесіне қатысып, сәбиді қолына алған.
Еске салайық, блогер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен