Айзат Молдақасымова жаңа қызметке келді
Алматы қаласының экс-санитарлық дәрігері жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осыған дейін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері лауазымын атқарған шенеунікті кейбір келеңсіз жағдайларға байланысты қызметінен босатқан. Қазіргі таңда бұл қызметті Жандарбек Бекшин атқаруда.
Ал белгілі бір себептерге баланысты қызметінен кеткен Айзат Молдақасымова Жұматов атындағы эпидемиология және гигиена ғылыми орталығының басшысы қызметіне тағайындалған.
Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін Молдақасымова өзіне ең үлкен көлемдегі үстемақы тағайындағаны белгілі болған.
Алматылық дәрігерлер Айзат Молдақасымованы сотқа бермек болған. Себебі Молдақасымова дәрігерлер қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан коронавирус жұқтыруда деп болжам жасаған.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады