"Айттым, бітті": Роза Рымбаева Иманбекке қатысты пікір беруден бас тартты
Роза Рымбаеваның Иманбекке қатысты айтқан пікірі ел ішінде қызу талқыға түсті. Бірнеше күннен бері Халық әртісі мен оның ұлына негативке толы түрлі хаттар мен пікірлер түсуде. Ал Халық әртісі өзінің берген сұхбатына қатысты алғаш рет пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz Экспресс-К басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Түсініктеме бермеймін. Иманбек жайлы пікір айтудан бас тартамын. Журналистерге сұхбат бердім, басқасына тартудың қажеті жоқ, дұрыс па?
Айттым, бітті! Менімен келісе ме, келіспей ме, біреу қолдай ма, қарсы шыға ма, маған бәрібір!” – деп ашуланған Роза Қуанышқызы тұтқаны қоя салған.
Еске салсақ, бұған дейін халық әртісі Роза Рымбаева Иманбектің "Grammy" байқауындағы жеңісін қарапайым сәттілік деп атаған еді.
Бұған дейін, Әли Оқапов та болған жайтқа қатысты өз ойын білдірді. Ол анасымен келіспейтінін, алайда оның да өз пікірі бар екенін жеткізді. Оқапов отбасының атынан Иманбектің тыңдармандарынан кешірім сұрады. Ал Мәдина Сәдуақасова Роза Қуанышқызын жақтап сөйледі.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр