Айт күні Алматыда Алланың аты жазылған орамжапырақ табылды (фото)
Қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіретін Ораза айт мейрамының екінші күні Алматы қаласында «Алла» жазуы бар орамжапырақ табылды.

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
Орамжапырақтың ортасында жазылған Жаратушының есімін Алматы қаласының жас тұрғыны Жадыра Дауылбайқызы әкесіне түскі ас әзірлеп жатқан кезде байқаған. «Таугүл» мешітінен діни сауатын ашқан Жадыра «Алла» деген жазуды бірден байқапты.

Жадыраның отбасы мұны жақсылықтың нышаны деп қабылдап отыр.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған