Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек дастарханда әке орнының бос қалғанын айтып, елді жылатты

Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек ішкі толғанысымен бөлісіп, желідегі оқырмандарын жылатты. Ой бөлісіп, әртүрлі тақырыптарда блог жазғанды ұнататын ол соңғы бір жылдан бері ештеңеге зауқы болмағанын, енді ғана өз-өзіне келе бастағанын меңзеді. Алайда, ішінде ұмытылмас реніш қалғанын, сондай-ақ, отбасылық дастархандағы әке орнының бос қалғанын айтып өкінді.

aisaule 160817

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ішкі жан сырымен Айсәуле желідегі парақшасында бөлісті.

“Неге жазуды тастап кеткенімді ел жиі сұрайды… Оған қуанамын, демек ұнағаны…

Шындығында ең бастысы да, ең қиыны да – бастау. Бір жыл бұрын бастадым, содан жаза бердім, ал бір уақытта тоқтап қалдым. Неге дейсіздер ме? Себебі өмірімде қиын кезең орын алды, ал жағымсыз ойларыммен бөліскім келген жоқ. Негатив барлық жерде болды, отбасымда, жеке өмірімде, айналадағы адамдарда, ең әуелі, өзімнің ішкі жан дүниемде…

Мені жиі сынайды сондықтан көп жылдан бері сіздердің сындарыңызға қарсы «иммунитет» қалыптасып қалған. Бірақ сол кезде мен алғаш рет өзімді жақсы көрмейтінімді, тіпті, танымайтынымды сезіндім. Осы уақыт аралығында өзімді өзім құртып келдім, кейін жасаған іс-әрекеттерімді ойлап, нәтиже шығардым, өзгердім, есейе түстім… Кім болғым келетінін түсінген сәтте ішімде және айналамда жағымды өзгерістер орын алды. Енді міне, мен қайтадан жігерлендім, мен сүйемін және сүйіктімін. Құттықтасаңыздар болады!

Иә, енді ешқашан ұмытылмайтын және мәңгілікке жадымнан өшіріп тастағым келетін сәттер қатары толықты. Иә, талқаны шыққан армандар, ұмытылмайтын реніш және отбасылық дастархандағы бос қалған орындық қалды… Алайда осындай қиыншылық болмаса, бұл өмір бола ма?

Есесіне енді ең қараңғы түннен кейін ең жарқын күн шығатынына қайта сенетін болдым. Мен, тіпті, жаңа шыққан күн нұрының терімді аймалап, жанымды жылытып жатқанын сезініп жатырмын. Солай көрінген шығар дедім. Уақытқа қарадым. Күн расында да шыққан екен», – дейді Айсәуле.

Жіберіп алмаңыз:

Тұрсынғали Алагөзов әйелімен заңды түрде ажырасты

Фонограммамен ұсталып қалған Ерке Есмаханның масқарасы шықты (видео)

Күйеуімен дуэт айтқан Гүлзира Айдарбекова желіні шулатты (видео)

Әйелімен ажырасқан Алан Черкасов өзін балағаттаған жұртқа бар шындықты айтты

 

Талқылау