Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек 2 жыл бала көтермеуінің себебін түсіндірді

Айсәуле Бақытбек көптен күткен жүктілігі жайлы видео түсіріп, YouTube арнасында жариялады. Ол тұрмыс құрғаннан кейін, 2 жылдай балалы болуға асықпауының себебін түсіндірді. Жақындары мен қоғам тарапынан көрсетілген қысым, жүкті екенін білген сәттегі қуанышы және отбасының қалай қабылдағаны жайлы баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айсәуле Бақытбек өзі сияқты жас келіндерді жақсы түсінетінін айтты. Ол тұрмыс құра сала, балалы болуға дайын болмағанын, бұл іске ерекше жауапкершілікпен қарау керектігін жеткізді. 

"2 жылдай балалы болмағандықтан, жақындарымыз бізге ЭКО туралы меңзей бастады. Мұны жаман оймен айтпайтынын білемін. Бірақ, өкінішке қарай, біздің елімізде бұл қалыпты саналады. 

Егер сіз отбасын құрып, бірден балалы болғыңыз келмесе, ол қалыпты жағдай. Сырттағы адамдардың қысым көрсетуі себебінен өміріңіздегі ең маңызды шешімді қабылдамаңыз.



 Біз өзіміз дайын болған кезде балалы боламыз деп шештік", – деп ағынан жарылды Айсәуле.

25 жастағы бикеш бұл шешіміне еш өкінбейді. Айтуынша, осы 2 жылда ол күйеуімен әсерлі уақыт өткізіп, әбден қыдырып үлгерген. Ал бүгінде балалы болуға үлкен құштарлықпен дайындалуда.

"Дайын болған кезде Құдайдан "бізге бала берші" деп сұрадым. Шынында содан кейін аз уақыттан соң мен жүкті екенімді білдім", – дейді Айсәуле.

"Етеккірім кешіге бастаған соң, тест жасап көрдім. Құрбыларыма да: "Жүріңдер, қыдырып қалайық, мен жүкті шығармын", – деп қалжыңдадым. Тест жасап, оны өзім де ұмытып кеттім. Сериалымды көріп, жата бердім. Есіме түскенде, барып қарадым.

2 сызықты көргенде не сезгенімді де білмеймін. Абдырап қалдым. Сол сәтте жуынатын бөлмеге Алиш кіріп келді, ал мен тестті тығып қойдым. "Барлығы дұрыс па? Біртүрлі болып тұрсың", – деді. Иә деп сыр білдірмедім. Толық көз жеткізгім келді. Ертеңіне тағы тест жасадым, оң нәтиже шықты", – дейді Айсәуле.

Бұл оқиға Отан қорғаушылар күнімен тұспа-тұс келген. Айсәуле осылайша сүйіктісіне тосынсый жасағанын жеткізді. Әлішер әке атанатынын естігенде қатты қуанған. 

Айсәуле видеода анасы мен әжесінің бұл хабарды қалай қабылдағанын көрсетті.

 

Талқылау