Айнұр Тұрсынбаева құдалық тойын қымбат яхтада өткізді
Стамбұл мейрамханаларының бірінде дүркіретіп той жасаған Айнұр Тұрсынбаева құдалық рәсімін қымбат яхтада өткізді. Ол Instagram парақшасында құдалықтың қалай өткенін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тұрсынбаева құда-құдағиларына Стамбұлдың қайталанбас теңізін, Босфор бұғазын көрсетті.
Құдалық от шашумен аяқталды.
Айта кетейік, Тұрсынбаева ұлының тойына келген қонақтарға бриллиант әшекейлерден таратқан еді.