Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева келініне сырға салып, ұзатып әкетті

Айнұр Тұрсынбаеваның шаңырағында үлкен қуаныш. Айтыскер ақын жалғыз ұлын үйлендірді. Осыдан бірнеше ай бұрын некесін қидырған жастар өткен демалыста ресми түрде бас қосты. Тұрсынбаева келініне сырға салып, ұзатып әкетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мамыр айында Айнұр Тұрсынбаева ұлының отау құрғанын хабарлады. Ол кезде Беклан сүйіктісі Мадинамен мұсылманша некесін қидырған. Арада бірнеше ай өткен соң, жастар заңды түрде некеге тұрды.

Ал қыркүйектің 2-сі күні қыздың ұзату тойы Нұр-Сұлтанда болып өтті. Сол күні Тұрсынбаева келіні Мадинаға сырға салды. Қазақтың салт-дәстүрі бойынша құдалық тойын өткізді. 

Айтыскер ақын той барысын Instagram парақшасында көрсетіп отырды. Ол келінін ұзатып алар сәтте қатты толқығанын жасырмады. 

"Басқа жұртқа қызмет қыламын, ұрпағын көбейтемін, алғысқа бөленемін деп өзінің жылы ұясын, сүйікті бауырларын, 9 ай 10 күн көтерген анасын, асырап баққан әкесін, үйренген мекенін тастап кете беретін қыз тағдыры қандай қиын... Өзім келіндік сынақтан өте алмаған адаммын. Жылағаным да содан болар. Келіннің жүгі ауыр жүк. Мықтының мықтысы ғана көтере алады. Сол үшін әппағыма барынша қолдау беруге тырысамын. Бағың жансын, ақ көгершінім", – деп келініне деген ақ тілегін білдірді Тұрсынбаева. 



Жас келінді айтыскер ақын Сара Тоқтамысова ұзатты.

Айта кетейік, үлкен той 12 қыркүйек күні Ыстамбұл қаласында өтеді деп жоспарланған. 

Талқылау