Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева ұлының ҰБТ-да көрген қиыншылығы туралы айтты

Биылғы ҰБТ бұрынғылардан өзгерек. Себебі жоғары оқу орнына түскісі келетін талапкер енді екі рет сынақтан өтеді. Алғашқысын ҰБТ-ны мектеп аттестатын алу үшін, ал екіншісін оқуға түсу үшін тапсырады. Бұл дегеніңіз – ҰБТ тапсыратын талапкер мен оның ата-анасы үшін уайымның екі есе көбейгені. Перзенті үшін уайымдап, түлектер ҰБТ тапсыратын қорғанды “қарауылдаған” ата-ананың қатарында ақын Айнұр Тұрсынбаева да бар.

17077752_256961848083573_2243345449735946240_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айнұр Тұрсынбаева ұлы Бекланның сынақтан аман-есен өткенін және одан 103 ұпай жинағанын айтты. Емтихан барысында жанын шүберекке түйіп отырған ана уайымға салынғанын жасырмады.

“Бір ҰБТ тапсырғаннан он рет айтысқан оңай ма деп қалдым. Бауыр етің балаңа жанкүйер болу деген неткен қиын еді. Жүректен жүрек қалмады. Құдай сақтап біздің кезімізде ҰБТ болмады, абыройдан жұрдай болар ма едік деп қоям. Қайта қазіргі балалар пысық. Бекланмен кішкентайдан бірге өскен достары үшін де жаным ауырды. Балаңмен бірге өскен баланы да өзің туғандай жақсы көреді екенсің. Ата-аналардың бүгінгі чатын оқысаңыздар ғой. Балаларымызды ҰБТ-ға емес, спец.заданиеге жібергендей шуладық та отырдық. Біздің үйде кешеден бері қызу жиналыс. “Беклан ұйықтасын”, “Беклан ішсін”, “Беклан жесін”, “Бекланның мазасын алмаңдар” Содан таңертең соғысқа кетіп бара жатқандай қимай шуылдап, ақ тілегімізді, кішкене ақылымызды айтып жібергенбіз.

“Мама, бәрі керемет болады” деп сенімді кетіп еді. 103 балл алып келді.”Аздау емес пе” деп едім, “мен үшін бұл көп, бұдан артыққа миым жетпейді” деп қысқа қайырды. Е бопты дедік. Бұйырғаны! Енді жоғары оқуға дайындаламыз. Жоқ, үйлендіре салсам ба екен деп па”, – деп жазды танымал ақын.

Бұдан өзге, Тұрсынбаева сынақ тапсырып жатқан талапкерлерге ақыл-кеңесін айтты. Ол өмірдің ҰБТ-мен тоқтап қалмайтынын тілге тиек етті.

“Жалпы бүгінгі күннен байқағаным жақсы оқығандардың емес, өз-өзіне сенімді болғандардың жолы болды. Яғни, қашанда сенімді және сабырлы болған адам бәрін жеңеді! Мектеп бітіріп жатқан балапандардың барлығын аналық ақ жүрегіммен құттықтаймын! Болашақтарың жарқын болсын! ҰБТ-дан төмен бал алдық деп мойымаңдар. Алла несібені ҰБТ-мен бермейді! Пейілге береді. Қай класты алып қарасаң да нашар оқыған балалар бизнес жасап, өз алдына тіршілік жасап көтеріліп алған ғой, байқайсыздар ма?! Староста болып пысықсынып, қатты оқып жүргендердің арасында сол ауылдағы әкімшіліктін айналасында папка көтеріп қалып кеткендер көп. 2-3 дипломмен бала-шағасын асырай алмай жүргендер қаншама?! Әрине, білім керек. Бірақ ҰБТ-ға бола жылап-сықтаудың дым керегі жоқ. Бәрін Аллаға тапсырыңыздар, тек қана алға”, – деп түйіндеді сөзін ол.

Жіберіп алмаңыз

Салтанат Бақаева: Жолдасым түзде жұлдыз болғаныммен, үйде келін екенімді ескертті

Шымкенттік ақын Қайрат Нұртастың табысының 10%-ын алғысы келгенін айтты

Қазақстандық жұлдыздар 100 мың теңгені қанша күнде құртатындарын айтты

Баян мен Тұрсынғали үйлену тойларына 1000 адам шақырмақ

Талқылау