Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Айналайын» сөзінің шығу тегін білесіз бе?

Қазақта құлаққа жағымды, ұнамды сөздер жетерлік. Бүгінгі материалымызда сондай сөздердің бірін талқылаймыз.

«Айналайын» сөзі – бәріміз үлкендерден естіп өскен құдіретті сөз. Көбіне жақсы көргенде, еркелеткенде осы сөзді қазыналы қарттарымыз, ата-аналарымыз, жалпы, үлкендер қауымы айтып жатады. Бұл сөздің астары қандай? Неге бәрі «айналайын» деп айналып-толғанады?

Бұл сөздің тамыры тереңде. Ертеректе қазақ отбасында баласы сырқатқа шалдығып ауырғанда ата-анасы немесе егде жастағы  адам сол жастың сауығып, дертінен айығып, жанын аман алып қалу үшін осы ырымды жасайған. Оның бізге жеткен 2 түрі бар.

Баласы ауырғанда әкесі киімін терісіне аударып киіп, мойнына белдік іліп, оның "төменгі әлемге түскенін" білдіріп, баласын айнала бастаса, екінші жағдайда қарияларымыз киіз үйдің дәл ортасына науқасты жатқызып, үш мәрте айналып, есікке келген сәтте "айналайын" деп дауыстайды екен. Бұл ырымнан кейін, баласы сауығып кетеді екен. Содан бері бұл сөз қазақтың қасиетті сөзіне айналады. Сол үшін де қазақ баласын жақсы көріп, еміренгенде «Айналайын» деп мейірімін көрсетеді. 

Демек «айналайын» сөзінің мағынасы «жаным жолыңда құрбан» дегенге сайып келеді.

Қарап отырсақ, бұл сөз қазақта ғана бар. Өзге ұлт өкілдеріне бұл сөздің қадір-қасиетін дәл өзіміз ұғынғандай жеткізе алмасымыз анық. 

Біз, Stan.kz редакциясы, қазақстандықтар қазақ тілінде сауатты жазып, сөйлегенін қалаймыз. Осы орайда, "Таза тіл" шығарылымдар сериясын жарияладық.

Қазақ тілінде сөйлеуде тағы қандай сәттерде қиындық туындайды? Адамдар қай кезде жиі қателеседі? Егер сауалдарыңыз болса, келесі форма арқылы бізге сұрақ жолдаңыз

Талқылау