Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айман Мұсақожаева Димашпен бірге Қытай сахнасында өнер көрсетеді

17 сәуір күні Бейжіңде Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева мен Димаш Құдайберген. «Beijing Concert Hall» сахнасында өнер көрсетеді. Концерт«Жарқын Жібек жолы бойындағы кездесу» деп аталады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

20170226104147

Концерт «Beijing Concert Hall» сахнасында өтеді (басталуы Бейжіңнің жергілікті уақыты бойынша сағат 19-30-ға жоспарланып отыр. Концертке сонымен қатар қазақстандық опера әншісі Майра Мұхамедқызы, баритон Азат Мәлік, «Шат» фольклорлық ансамблі, Қазақстанның скрипкашылар ансамблі, қытайлық дирижер Тао Фан, Қытайдың ұлттық телевизия және радиосының симфониялық оркестрі мен өзге де әртістер қатысады.

Еске салсақ, кеше қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов «Singer 2017» байқауының финалында екінші орын алды. Финалда Димаш пен қытайлық әнші Шан Вэньцзе Майкл Джексонның The Way You Make Me Feel, Erth song, Billie Jean және Dangerous әндерін орындады.

Тағы да оқыңыз:

HUNAN TV бас директоры Димаштың өнерін өте жоғары бағалады

Қазақстандық ару Таиландта өткен сұлулық байқауында жеңіске жетті

Танымал “Lion” тобы Димашқа әлі сатылымға шықпаған ән жинақтарын тарту етті

Талқылау