Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқынды депутаттар жиынынан көрген халық таңғалып қалды

Әдетте тыңдармандарымен концертте ғана қауышатын Айқын, бұл жолы депутаттыққа үміткерлердің қатарында отыр. Халықтың көкейіндегі сауалдарды мұқият тыңдаған Төлепберген сахнаны саясатқа алмастырмақ па?!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Көшеде емес көк жәшікте жиі байқалатын Айқынды, қарапайым қарашамен кездесуде көргендер аң-таң! Әнші бұл жолы халық қалаулысы атануға ниет еткен досы әрі танымал бизнесмен Қайрат Құдайбергенді қолдай келген екен.

“Біз халықтың көңілін көтеруге үйреніп қалған адамбыз. Ал бұл жерде адамдар саған сұрақтарды жаудырып жатыр. «Мынаны шешіңдер, ананы бүйтіңдер» – деп. Оған бас айналып кетеді екен кәдімгідей”, – дейді Айқын.

“Адамдардың нақты қандай мәселелері барын тыңдап, оларды шешу, олардың жанын түсініп, қобалжытқан мәселелерді естіп, кішкене өзін жайсыз сезініп отырда”, – дейді кәсіпкер Құдайберген.

Мұндай саяси-бұқаралық кездесу Айқын үшін алғашқы рет орын алып отыр. Алдағы уақытта Қайрат Құдайберген депутат атанса, досын да атқамінерлер қатарынан көргісі келетінін жасырмады.

“Айқын да келешекте бір депутат болса, олда жақсы болатын еді. Себебі өзі белсенді. Әрдайым көмектесуге дайын, нағыз қазақтың бір жігіті ғой”, – Қайрат Құдайберген.

Келешекте саясаттың сойылын соғып немесе депутаттық мандатты еншілеу Айқынның жоспарында жоқ. Төлепбергеннің бір ғана тілегі, өмірінің соңына дейін өнердің «қазанында қайнау».

“Кабинетте отыру менікі емес шығар. Себебі, бір жерде отыру бір уақыттан бір уақытқа дейін… Мәселелерді шешу менікі емес. Мен сол сахнаны жақсы білемін. Музыка өнеріне жақсы білемін. Жаңағы «музыкалық продюсер» болатын шығармын. Кейін енді көрерміз”, – дейді Айқын.

Жіберіп алмаңыз: 

Сәби күтіп жүрген танымал бикештер (фото)

Тележүргізуші Айгүл Мүкей екінші сәбиін күтіп жүр

Дастан Оразбеков көз алдында қайтыс болған әкесін еске алып, жылап жіберді (видео)

Жазушы Дидар Амантай Гүлбаршын Тергеубековамен некеде болғанын жоққа шығарды

Талқылау