Айқын Төлепберген отбасымен АҚШ-қа аттанды
Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали балаларымен бірге АҚШ-қа аттанды. Отбасы Америкада демалып әрі Айқынның концертін қойып келмек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айқын Америкадағы қазақ жастарының басын қосып, Kazakh Party ұйымдастырмақ. Кеш 9 ақпан күні Майамиде, 13 ақпан – Лос-Анджелесте, 15 ақпан Нью-Йоркте өтеді деп жоспарлануда.
"Негізі АҚШ-қа демалысқа бара жатырмыз. Бірақ біз демалыс пен жұмысты қатар ұстайтын жандардың біріміз! Оның үстіне 10 ақпанда юбилейім бар", – деп бөлісті Айқын.
Айта кетейік , төрт баланың әкесі Айқын Төлепберген биыл 40 жасқа толады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды