Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын Жұлдыздың көзінше бұрынғы әйелі туралы айтып қалды

Айқын Төлепберген бірінші әйелі жайлы айтты. Әнші екінші жары Жұлдыздың көзінше бірінші әйелі туралы айтып қалды. Бұл сәтті көрермен жақсы қабылдады. 

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали "Қызық  live" бағдарламасында қонақта болды. Жұлдызды жұп сан сауалдарға жауап берді. 

Бағдарлама жүргізушіглері екі әншіден неліктен неке жүзігін тақпайтынын сұрады. Екі әнші де бағдарламаға неке жүзігінсіз келгені белгілі болды. 

"Мен жүзігімді тағуды ұмытып кетіппін. Жұлдыз да тақпапты. Ол негізі тағып жүретін. Қазір неге тақпай келгенін білмеймін. Бірінші әйелім неке жүзігін тастамаушы еді", - деп қалды Айқын.

"Жарайды, әзіл ғой, әңгімем өтпей қалды", - деп жуып-шайды соңынан.

Бұл сөзі Жұлдызға ауыр тиді ме, жеңіл тиді ме оны көңіл-күйінен аңғару қиын. 

Желі қолданушылары Айқынның әрекетін айтып сөкті. Енді бірі әзілге балады. 

"Онда тұрған не бар? Әзілдеп жүретін адам ғой. Шындығы сондай болып тұр ғой", "Біріншісі туралы айтып не керек? Жұлдызға ауыр тиеді", "Қасыңдағы адамды бұрынғымен, басқамен салыстыруға болмайды", "Екеуі де неке жүзігін тақпаған ғой, кімге ренжиді?", деп жазды олар. 

Талқылау