"Айқайламаңыздар": Аяғы ауыр Ерке Есмахан көрерменге ескерту жасады
Жақында жүкті екенін жария еткен Ерке Есмахан Ақтауда Райыммен өнер көрсетті. Әлеуметтік желіде Ерке Есмаханның жиналған жұрттан шуламауын өтініп жатқан видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/erke_esmahan
Оқиға Қаламқас кен орнында болған. Ерке Есмахан сахнада тұрып концерт көруге келген қауымнан шуламай, ән тыңдауын өтінеді.
“Қошеметтеріңізге рахмет! Бүгін сіздермен жүздесу бұйырыпты. Айқайламаңыздар! Түсінемін, сіздердің ақшаларыңыз көп. Барлығыңызда 1,2,3 телефоннан бар. Камераға түсірмесеңіздер болмайды ма? Одан да ән шырқап, би билейік. Келістік пе? Телефондарыңызды алып тастаңыздаршы, өтінемін. Біз сіздермен жиі кездеспейміз ғой”, – дейді сахнада тұрған Ерке Есмахан.
Көпшілік әншінің аяғы ауыр болғандықтан тез шаршап қалады деп болжады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар