Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айыппұл төлейді: Ақмола облысында әкім орынбасары мен аппарат басшысы төбелесіп қалды

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Шортанды аудандық соты

2024 жылдың мамыр айында мемлекеттік қызметкерлер жұмыс орнындағы әкімдік ғимаратында ауызша жанжалдасып, соңында төбелес шығарған. Сарапшының қорытындысына сәйкес олар бір-бірінің денсаулығына жеңіл зиян келтірген.

"Сот шешімімен аудан әкімінің орынбасары А және аппарат басшысы Б Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабымен (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Cонымен қатар әрқайсысына 55 380 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазалар қолданылды", – делінген хабарламада.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.



Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысының мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында Федоров ауданы Пешковка ауылдық округінің әкімі Әмірбек Ержановқа қатысты тәртіптік іс қаралды. Тексеру барысында Ержанов Иватовқа “Қайрат, бұқаға ұқсама!" және “Мына жерден құрып кет!" деген сөздерді, сондай-ақ "оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын басқа сөздерді айтпадым, әдепсіздік танытпадым, дөрекілік пен дұрыс емес мінез-құлық фактілеріне жол берілген жоқ" деп түсіндірді. Алайда жиналысқа қатысушылар оның "Шығыңыз! Бұқаға ұқсамаңыз!" деп айтқанын растады.

Талқылау