Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Елшібаева: Ұшақта шу болған жағдайдан кейін Құралайдың, Бағдагүл сынықшының нөкерлері жабылып кетті

Айгүл Елшібаева желіде дінге қайшы нәрсені үйретіп, жыныстық тәрбие беріп жүргендерді “инстасығандар” деп атады. Ұшақтағы жанжалдан кейін өзіне жабылған “инстасығандардың” нөкерлері дейді. Әнші алдағы уақытта олармен айтыспайтынын ашып айтты. 

Бұл туралы “1001 түн” бағдарламасында айтылды. 

Жақында ұшақта тіл мәселесін көтергені үшін Айгүл Елшібаеваның басы дауға қалды. Әнші жанжалға іліккен сәтті ұтымды пайдаланғандар бар дейді. 

“Мені ішімдік ішіп жанжал шығарды деп айыптады. Бұл жерде тіл мәселесі болған. Ұшақ қызметкерінің қазақша білмегені үшін мен үндемей отыруым керек екен. Оны айтқаным үшін мені басқаша етіп көрсетті. Мен 22 жасымнан бетім құбылаға қарап, намаз оқып келе жатқан адаммын. Оны мақтан үшін айтып отырған жоқпын. Бұл сәтті Құралай ханымның, сынықшы Бағдагүлдің, тағы басқаларының нөкерлері пайдаланып, жабыла кетті. “Бізге қарсы болып еді, өзінің басына іс түсті” деп жатты. Бағдагүл “әруақтарға қарсы болып еді, соның кесірі тиді” деді. Мен ешқашан әруаққа қарсы болған емеспін. Әруаққа тіл тигізген емеспін. Білдей бір молдадан ілім алған адаммын. Сондықтан басқа жағдаймен шатаспасын”, – деді Елшібаева. 

Айгүл Елшібаева желідегі жыныстық сауат ашамыз деп жүргеннің бәрі дінге қайшы дүниені насихаттауда дейді. Олардың бәріне “инстасыған” атауын берген. Ал алдағы уақытта олар жайлы айтысып, тартысып, дәлелдеп жатпайтынын ашық айтты. 

“Мен Құралай туралы да, Айнұр Тұрсынбаева туралы да, Бағдагүл туралы да, сексологтер туралы да, барлығы туралы да айтып келдім. Парақшамда тұр. Көзі ашық, түсінген адам болса, бәрін айттым. Шамам келгенше түсіндірдім. Мен енді айтыспаймын, тартыспаймын. Бәрі айтылды, бұдан әрі соза берудің мәні жоқ. Түсінетін адамға бәрі айтылды”, – деді дәстүрлі әнші. 


Талқылау