Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Бақаева: Туған қайын әпкем де актриса, екеуміз бірге жұмыс істейміз

Салтанат Бақаева "Арнау" тобымен жұмысын жалғастырмақ па? Әншілік пен актрисалықты қатар алып жүрген ол отбасына қалай уақыт тауып жүр? Әнші бұл туралы өзі айтты. Отбасындағы, шығармашылығындағы жаңалықтарын бөлісті.

Қасымда бол: Салтанат Бақаева күйеуіне арнап бейнебаян түсірді

Бұл туралы "Ревю" бағдарламасында айтылды.

Салтанат Бақаева 2009 жылы Нұржан Керменбаевпен "Арнау" дуэтін құрды. 2010 жылы театр актрисасы атанды. Бүгінде топ көп алдында көрінбейді. Бұған себеп - уақыттың тапшылығы.

"Егер Нұржан жаңа ән жазайық, бейнебаян түсірейік деп жатса, мен тек қана келісер едім. Бұл жерде Нұржанның уақыты болып жатқан жоқ. Бірақ бірге ән айту, жаңа әндер жазу ойымызда бар", - деді ол.

Әнші бір кездері өзін жолдасымен оның әпкесі таныстырғанын айтқан еді. Бүгінде актриса театрда қайын әпкесімен бірге жұмыс істеп жүр. 



"Менің қайын әпкем де актриса. Бірге жұмыс істейміз. Жұмыста бір-бірімізге қайын әке, келін деп емес, әріптес ретінде қараймыз. Себебі, көптеген рөлдерді ойнаймыз. Отбасында екі өнер адамының бір жерде жұмыс істеуіне байланысты кедергілер жоқ. Мен үйде көп болмаймын. Үш ұлым бар. Оларға ата-апасы қарайды. Себебі мен ата-енеммен тұратын келінмін. Ал үй жұмысына қарайтын көмекшіміз бар", - деді Салтанат. 

Өмірде екі нәрседен, мамандық таңдау мен жар таңдаудан, қателеспеу керек дейді. Бақаева бұл ретте екі таңдауды да дұрыс жасағанын айтты.

"Мен екеуінде де жолым болған адаммын. Нұржан түсінігі мол азамат. Мені әрдайым қолдайды. Өзі де өнер әлеміне жақын. Оның әпкесі де өнер жолында болғандықтан менің жұмысыма да түсіністікен қарайды. Үйде балаларым атасынан қорқады. Себебі, қатал. Ал мен балаларды еркелетіп өсірем", - деді әнші. 

Талқылау