Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Орынбек: Айсұлтан Назарбаев інім, сен тойып секірсең, мына жақта аштықтан секіріп жатқан халық бар

Заңгер Айгүл Орынбек нашақорлармен күресетін орталық ашам деген Айсұлтан Назарбаевты сынға алды.

2054898

Күні кеше Айсұлтан Назарбаев не себепті есірткімен әуестенгенін, нашақорлармен күресетін орталық ашатынын айтқан болатын. Оның бұл ойына отандық заңгер Айгүл Орынбек үн қатты.

“Айналайын Aisultan Nazarbayev інім! Атамның қолынан жетектеп ел аралата алмадым. Өзіңнің қолыңнан жетектеп ел аралатайын.

Сенің мақалаңды соңына дейін оқып шықтым, ағыңнан жарылыпсың! Аш бала тоқ баламен ойнамайтын секілді. Сен тойып секірсең, мына жақта аштықтан секіріп жатқан халық бар. Наркомандар үшін орталық ашамын дейсің бе? Есірткеге ақша тапқан адам емделуге де ақша табады. Сен оданда былай істе! Халыққа шын пайдаңды тигізгің келсе, оның ішінде жастарға көмек бергің келсе ауыл ауылды аралап балаларға спорт комплекстерін аш. Халықтың əлеуметтік мəселесі өте төмен.

Жертөледе , тоғайда өмір сүріп жатқан азаматтар бар, осылардың үйлі болуына жағдай жаса. Ауыз су, свет, жол бармаған ауылдар бар, соның бəрін қамтамасыз етуге атсалыс. Сен халықтың жан күйзелісін түсінгенде ғана бойыңдағы жаман дертті жеңесің. Өйткені халықтың қиналғанын көрген адам есірткімен бас ауыртпайды. Халыққа жақсылық жасау сенің есірткің болсын інім. Көмек керек болса хабарлас! Əпкең əрқашан көмек беруге дайын!”, – деп жазады заңгер желідегі парақшасында.

Бұған қатысты журналист Ербол Азанбек те пікірін жазып өтті.

“Атамыз біз өмірге келерден жиырма бірдеме жыл бұрын кетіп қалыпты. Әкеміз қалтаға 2700 теңгені салып, “оқи ғой балам” деп Алматыға аттандырып ауылда қалды. Алматыда ауызға май тосып отырған туыс болған жоқ. Өзіңе ғана сену керек болды. Қандай қиындық көрсек те оны шегіп, ішіп басу деген ой… Жоқ, келді ғой. Келмеді деген өтірік. Бірақ, ішіп, шегіп кетсең ақыл айтып, “дұрыс, жасырмағаның батылдық, сен мұны жеңе аласың” дейтін Айсұлтандікіндей атамыз болған жоқ. “Сенің ешкімің жоқ, шексең, ішсең біттің, далада қалдың” дейтін ішіміздегі бір “дауыс”. Сол “дауыс” әлі сүйреп жүр. Есірткі түгілі темекіге жақындатпай жүрген де сол”, – деп жазды Ербол Азанбек.


Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы, жастық шағы

Талқылау