Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танысының кетуіне кедергі жасамақ болған қазақстандық сотталды

Сот Ақтау тұрғынын терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқаны үшін кінәлі деп таныды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Фото: pixabay.com

Ер адам мас күйде азаматтық некедегі әйелі М-ның Алматы қаласына кетуіне кедергі келтіру үшін 102-желісіне қоңырау шалып, Ақтау қаласы халықаралық әуежайында және Ақтау қаласының теңіз портында жарылғыш зат қойылғандығы жөнінде хабарлаған. Аталған жерлерді  тексеру барысында, ешқандай жарылғыш заттар мен оқ-дәрілер анықталмаған.


“Жиһад жасағым келді”: Терроризмді насихаттады деп айыпталған 16 жастағы қазақстандық оқиғасын бөлісті


Салдарынан “Ақтау теңіз сауда портына", "Халықаралық Ақтау әуежайына", "Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясына", "Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар және полиция департаментіне материалдық шығын келтірілген.

Прокурор сотталушыны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Азамат Ж Қылмыстық кодекстің 273-бабымен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Үкім заңды күшіне енді”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы мен екі облыстан терроризмді насихаттаушыларды ұстаған еді.

Талқылау