Әйел жақсы оқығаны үшін қызының сыныптасын улап өлтірді
Үндістанның Карайкал қаласында тұратын 42 жастағы Сагаярани Виктория мектепте үлгерімі ең жоғары оқушы болған қызының сыныптасын улады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алаңдаған ата-ана 13 жасар жасөспірімді жекеменшік ауруханаға апарып, емдеп, үйіне қайтады. Келесі күні оның жағдайы қайтадан нашарлайды. Баламаникандан мемлекеттік ауруханаға түсіп, сол күні кешке көз жұмған.
Өлерінен бұрын жасөспірім анасына күзетші арқылы берген сусыннан кейін ауырып қалғанын айтқан. Баласының уланғанына күдіктенген анасы бірден полицияға хабарласқан. Карайкалдың Шериф кеңсесінің қызметкерлері тергеу кезінде Викторияға назар аударып, жауап алды. Әйел өз әрекетін мойындап, сусындарға "диарея тудыратын халықтық дәрілерді" араластырғанын айтты.
Виктория қамауға алынып, кейінірек кісі өлтіргені үшін түрмеге жіберілді. Шериф кеңсесі әйел Баламаникандан әрқашан оның қыздарынан жоғары баға алатынына қызғанышпен қарағанын атап өтті.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды