Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әйелі күйеуіне шапқан қасқырды пышақпен бауыздап өлтірді

Батыр әйел күйеуіне шапқан қасқырды пышақпен бауыздап тастады.

Оқиға 7 қараша күні Қырғызстанның Ыстықкөл маңында болған. Ерлі-зайыпты 8 жастағы баласымен бірге Сарычат-Эрташ мемлекеттік қорығының пункіне жеткенде көлігі бұзылып, тоқтап қалады. Ер адам көлігін жөндеп жатқанда әйелі әкімшілік ғимаратқа кіріп жылынып алмақ болған, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Осы кезде көлікке қасқыр жақындап ер адамға шапқан. Ер адам көкжалды құлағынан ұстап жерге басып үлгереді. Айқайды естіген әйелі ғимараттан атып шығады. Ол пышақпен қасқырды бауыздап жібереді. Олардың соңынан келген Асаналиев 3 сағаттан соң зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсеткен. Ер адам ертеңіне ауруханаға жеткізіліп, жарасы таңылып, құтыру дертіне қарсы екпе салдырады.

Осыған ұқсас оқиға 2015 жылы Шығыс Қазақстанда да болған. Желдіқора ауылының тұрғыны ауласында жүргенде күйеуіне қасқыр шабады. Күйеуі әйеліне жабық жерге кір деп айқайлайды. Алайда әйелі үйіне жүгіріп кіріп пышақ алып шығып лақтырады. Күйеуі пышақпен қасқырды бауыздап өлтірген.

Тағы да оқыңыз:

Бөлтіріктесе жанындағы елдің малына шаппайды: Қасқырдың қырық қасиеті

Қасқырлар араларындағы жұптарына құрмет көрсетеді: Жыртқыштардың ерекшеліктері

Шопанның әңгімесі: Қасқырлар жауынан сақтану үшін түрлі қулық әрекеттер жасайды

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр