Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелі 61-де, күйеуі 24-те: Америкалық ерекше жұп балалы болуды жоспарлап отыр

24 жастағы Куран Маккейн мен оның 61 жастағы сүйіктісі Шерил Макгрегор балалы болуды жоспарлағандарын мәлімдеді. Олар өз қарым-қатынастарын жариялап танымал болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жұп

Маккейн қалыңдығымен 15 жасында, яғни 2012 жылы танысқан. Ол кезде Маккейн Шерилдің ұлымен бірге жылдам тамақтану мейрамханасында жұмыс істеп жүрген. Бірақ жұмыстан шыққан соң әйелмен байланысын үзген. 2020 жылы олар қайта кездесіп, жас айырмашылығына қарамастан, араларында сезім пайда болған. 

2021 жылдың қыркүйегінде жұп отбасы құрып, енді балалы болуды жоспарлап отыр. 

"Шерил 61-де, оның 7 баласы мен 17 немересі бар. Алайда өзімізді балалы болу үшін лайықтымыз деп есептейміз", – деді Куран. 

Жұп балалы болуға тырысқан, бірақ кейін суррогат ананың көмегімен немесе бала асырап алуды ыңғайлы деп тапқан.

"Бізге суррогат ана идеясы ұнайды. Дегенмен бала туылған соң құжатпен мәселе туындаған жағдайлар жайлы көп естідік. Қазір келісімге қол қойып, нәресте дүниеге келген соң ешқандай байланысы болмайтын жақты суррогат ана іздеудеміз", – деді ерекше жұп. 

Маккейн мен Макгрегор бала асырап алатын болса, сәбидің ата-анасының бірі қара нәсілді болуына назар аударатынын айтады. Бұл баланың оларды шын ата-анасы ретіне сезінуі үшін маңызды дейді. 

Жұп Шерилдің ұзақ өмір сүре алмайтынын айтып, өздеріне есеп береді. 

"Мен дүниеден өткенде, ол баланы өзі өсіре алады. Куран керемет әке болады, жауапкершілігі мол адам", –  деді Макгрегор. 

Шерил мен Куранның отбасылары бастапқыда күдікпен қараса да, жұптың балалы болу жайлы жоспарын қолдайды екен. Сонымен қатар БАҚ өкілдері олар жайлы жаза бастағандықтан, кері пікір білдіргендер де болған. 

"Теріс пікірлерді көптеп алып жатамыз, алайда бұл бізді алаңдатпайды. Бастысы бір-бірімізді жақсы көреміз, қалғаны маңызды емес", - деп мәлімдеді олар. 

Талқылау