Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдің жамбасына оқ тиген: күдікті ретінде әкім ұсталды

29 тамызда әлеуметтік желіде жергілікті белсенді Галина Арзамасоваға жасалған шабуылға байланысты Панфилов ауылдық округінің әкімі Нұрғали Аппазовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Талғар аудандық әкімдігінің өкілі Жанкелді Өмірәлиев бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Галина Арзамасова

Сурет: time.kz

"Оны Арзамасова ісі бойынша ұстады. Ол тамыздың 27-сінде ауылға барған кезде-ақ қызметінен кеткен. Қазір аудандық ішкі істер басқармасында. Жауап беріп жатыр", - деді ол.

Талғар аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөлімінде отырған өзін Әлібеков деп таныстырған қызметкер ақпаратты растады. Оның айтуынша, Аппазов "Бұзақылық" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іске байланысты ұсталған.

Талғар ауданындағы Қарабұлақ ауылының тұрғыны, белсенді Галина Арзамасова 26 тамызда аудандық әкімдік алдында өзіне белгісіз біреулердің "пневматикалық қарудан атқан оғы жамбас сүйегіне тигені" туралы хабарлаған еді. Ол Талғар ауданы әкімінің қабылдауына Қарабұлақтағы мектеп маңындағы жердің жекеменшікке берілгенін, жерді алған адам үй салмақ боп жатқанын айтуға келген. Алған жарақатына қарамастан ол аудан әкіміне кіріп, мәселелерін жеткізген. Кейінірек ауруханаға түскен. Осы оқиғадан соң аудандық әкімдік Қарабұлақтағы мектеп маңындағы жердің қалай сатылып кеткенін тексере бастаған.

Арзамасованың сөзіне қарағанда және ауылдағы өзге тұрғындардың да айтуынша, су тапшылығы, сапасыз жол сияқты елдімекендегі өткір мәселелерді көтеріп жүрген белсендіге алғаш рет шабуыл жасалып отырған жоқ. Жергілікті атқарушы билік органдарының ашықтығын талап етіп жүрген белсенді 2017 жылы өзіне белгісіз біреулер екі рет шабуылдағаны туралы мәлімдеген. Сонымен бірге ол үйіне ұрылар түсіп, баспанасын өртеуге әрекет жасалғанын да айтқан. Арзамасова шабуылдарды өзінің белсенділігімен байланыстырған.

27 тамызда Алматы облысы полиция департаменті Арзамасоваға оқ ату оқиғасы бойынша Талғар ауданының 22 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталғанын, одан пневматикалық қару тәркіленгенін хабарлады. Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаевтың сөзінше, ұсталған адамның үстінен қылмыстық кодекстің 293-бабы ("бұзақылық") 3-бөлігі ("атыс қаруын, газ қаруды, пышақ, кастет және өзге де суық қаруды қолданып не қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер") бойынша іс қозғаған. Ал туыстары белсендіге оқ тигендіктен адам өміріне қауіп төндіру бойынша іс қозғалғанын қалайды.

Естеріңізге сала кетсек, әкімге кіріп бара жатқан белсендіге оқ атылғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Дина Смаилова: Қазақ қызы, сен "қыздығыңмен мақтан", себебі оған қалың мал төлейді

Смаилова: Жігіттер қыздарды әйелдікке емес, құл қылу үшін алады

Су сұрап үйге кірген: Ақтөбеде ер адам 9 жасар қызды аңдып жүріп зорлап кетті

Зорлықтан қиналған бүлдіршінді әкесі тапқан

Жаңа туған нәрестені ұрлап алған әйел оны ерлі-зайыптыға сатып жіберді

Қыздың ұрланған бала екенін әйелдің өзі де, күйеуі де білмеген

"Елбасы келгенде диван да келді": Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студия" бағдарламасы туралы өз шындығын бөлісті

Продюсер: Аз қаражатқа жұмыс істеп жүргенде бізді қысқартып жіберді

Демалыс күндері ауа райы қандай болады: Синоптиктердің болжамы

Алматыда қар жауады

Түсік тастағанын күйеуінен жасырған әйел ауруханадан өзгенің баласын ұрлап кетті

Әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

LRT ісіне қатысты елорда әкімінің экс-орынбасары іздеуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу барысы туралы хабарлады

Нұр-Сұлтан мәслихат хатшысы қамауға алынды

«Астана LRT» ісінде бес күдікті ұсталды

Қырғызстанның экс-президенті арнайы күштердің сарбазын өлтірді деп айыптады

Атамбаев күштеп ұстау әрекеті кезінде сарбазды өлтірді деген күдікке ілініп отыр

"Колбин кет": Алматы облысындағы балабақша бүлдіршіндерінің қойылымы елді шошытты

Осындай іс-әрекеттерге жол берген жауапты адамдарға ең қатаң жазалау шаралары беріледі
Çàãðóçêà...