Әйел миллион долларлық лотерея ұтысын жеңіп, мұны алаяқтың айласы деп ойлаған
АҚШ-та әйел лотереядан бір миллион доллар (446 миллион 415 мың теңге) ұтып алып, мұны алаяқтардың әрекеті деп түсінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Michigan Lottery Connect сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бей-Ситидің 31 жастағы тұрғыны Анна Маркес Mega Millions онлайн лотерея ұтысына қатысып, бес нөмірі сәйкес келіпті. Америкалық әйел билеттерді үнемі сатып алмайтынын, бірақ кейде джекпот өсе бастағанда, лотереяға қатысатынын айтты.
"Мен ұтыс ойынының келесі күні өз аккаунтыма кірдім және шотымда осындай ұтыс сомасын көргенде таң қалдым! Шынымды айтсам, алғашында бұл қандай да бір алаяқтық деп шештім. Өйткені мұндай нәрсе болады деп күтпейсіз", – деді Маркес.
Ол лотерея ұйымдастырушыларынан ресми хат келгеннен кейін ғана ұтысына сенді. Маркес ұтқан ақшасын жаңа үй сатып алуға және қарыздарын өтеуге жұмсайтынын айтты. Қалған соманы болашағына сақтайды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"